Алматы әкімдігі "метро басшысы өз туыстарын демеп отыр" деген ақпаратты тексереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі "метро басшысы өз туыстарын демеп отыр" деген ақпаратты тексереді Алматы метрополитені. Фото ©Владимир Дмитриев

"Алматыдағы метрополитен басшылығы өздерінің туыстарын сүйемелдеуде" деген ақпаратты тексерумен арнайы комиссия айналысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы Данияр Сиқымбаевқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алматыдағы метрополитен басшылығы өздерінің туыстарын сүйемелдеуде" деген ақпаратты тексерумен арнайы комиссия айналысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы Данияр Сиқымбаевқа сілтеме жасап.

"Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің тапсыруымен арнайы комиссия құрылды. Олар "Метрополитен" ҚМК жұмысшылары кәсіподағының төрағасы Мұхтар Үмбетқұловтың хатында баяндалған ақпараттардың анық-қанығын анықтайтын болады. Тексеру нәтижелері бойынша метрополитен қызметкерлеріне қатысты барлық қажетті заңды шаралар қолданылады", - деп мәлімдеді Сиқымбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Мұхтар Үмбетқұловтың "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың және Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің атына жолдаған хатында "Алматы метросының басшысы Қуат Мұсабеков өз туыстарын сүйемелдеп және біліксіздік танытып, ҚР заңдарын бұзып отыр" деп айтылған болатын.

Хатта Алматы метросының директоры өзінің үлкен ұлын станса кезекшісі қызметінен пойыз диспетчері лауазымына ауыстырды деп көрсетілген. Сонымен қатар, Алматы метросының қызметкерлері "Мұсабеков қоқан-лоқы жасау арқылы біліктіліктері жоғары бірнеше маманды кездейсоқ адамдарға ауыстырды" - деп айыптаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети