Алматы әкімдігі қаланы жақсартудың үздік идеясына 100 мың теңге төлейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі қаланы жақсартудың үздік идеясына 100 мың теңге төлейді Алматы қаласының байрағы. ©Ярослав Радловский

Алматы әкімдігі Azamat.kz әлеуметтік идеялар банкіне үш миллион 200 мың теңге жұмсайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жобаға қала халқының өмірін жақсартуға қатысты өз ұсынысын білдіруге ниетті кез келген адам қатыса алады. Бұл ретте ең жақсы идея айтқан үш жеңімпазға 100 мың теңгеден беріледі.

Алматы әкімдігінің жобасында ең көп лайк жинаған қатысушы жеңімпаз атанады. Ол үшін өзінің идеясын сайтқа тіркеп, әлеуметтік желілерде ілгері жылжытып отыру қажет. Ал жүз мың теңгеден беретін үш жеңімпазды арнайы комиссия таңдайтын болады. Бұл қаржыны қала халқының өмірін жақсартуға қатысты өзінің идеясын жүзеге асыруға да жұмсауға болады. Бұл жобаны ұйымдастырушылардың айтуынша, қалған қаражат әлеуметтік идеялар банкінің құрылуына жұмсалады. Ал i-Azamat.kz сайтына 600 мың теңге кеткен. 

Жобаны жүзеге асырумен "Төбе" қоғамдық қоры айналысып отыр. Оның жетекшісі Дана Шаяхметтің айтуынша, Алматы әкімдігі іске асырып отырған жобада - қаланы көркейту, азаматтық мәдениет, білім және қайырымдылық бағытындағы идеялар қабылданады. Жеңімпаздар қазан айының аяғында анықталады. "Біз жұртшылық мәселелерге бей-жай қарай алмайтындай батыл, жаңашыл идеяларды күтеміз", - дейді Шаяхмет.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети