Алматы әкімдігі қар тазалау жұмыстарының суреті мен видеосын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі қар тазалау жұмыстарының суреті мен видеосын жариялады © @akimat_almaty/Instagram

Алматы әкімдігі Instagram желісіне қар тазалау жұмыстарының суреті мен видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шаһарда 15 қараша күні кешке жаңбыр жауып, қарға ұласқаны белгілі.

Таңертеңнен бастап қалада қар тазалайтын техникалар жұмысқа кірісті. Айта кетейік, Алматыда қар түнімен жауып, таңға дейін жалғасты. Түскен қардың қалыңдығы кей аудандарда 10-15 сантиметрге жетті. Бұл күз мезгілі басталғалы бері түскен ең қалың қар. Әлеуметтік желі қолданушыларының мәліметінше, мемлекеттік қызметтің белсенді жұмысына қарамастан қалада көлік кептелісі орнаған.

Наурызбай ауданындағы қар тазалау жұмыстары

Қалада жолдар мен тротуарлардағы қар тазаланып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети