Алматы әкімі аппаратының жаңа жетекшісі тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі аппаратының жаңа жетекшісі тағайындалды

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің бұйрығымен әкім аппаратының жетекшісі қызметіне Марат Сембеков келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марат Әмірұлы Сембеков Павлодарда дүниеге келген. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары ҚР әділет, экономика және бюджет жоспарлау министрліктерінде, премьер-министр кеңсесінде жауапты қызметтерді атқарды, әкімшілік-құқықтық және заң бөлімдерін басқарған, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің аппарат жетекшісі болған. 2010-2014 жылдары мемлекеттік инспектор, ал кейін жаңа қызметке тағайындалғанша ҚР Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінде жетекшінің орынбасары болып келді.

Әкім аппаратының осыған дейінгі жетекшісі Бейбіт Қарымсақов жұмысының ауысуына байланысты қызметінен кетті. Ол бұл қызметті 2014 жылдан бері атқарып келді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети