Алматы әкімі мемлекеттік органдардың ғимараттарын кішірейтуді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі мемлекеттік органдардың ғимараттарын кішірейтуді ұсынды © Вolashak.kz

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жергілікті атқарушы органдары нысандарының аумағын кішірейтуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы ішкі саясат басқармасының жетекшісі Санжар Боқаев жазды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жергілікті атқарушы органдары нысандарының аумағын кішірейтуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы ішкі саясат басқармасының жетекшісі Санжар Боқаев жазды.

"Әкім Бауыржан Байбектің қабылдауында болдым. Жиналыс барысында Наурызбай ауданындағы жағдайды талқыладық, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың да ғимараттары сөз болды. Оның құрылысқа кететін шығынды азайту жоспары ұнады. Аудан әкімдіктері мен басқа да мемлекеттік органдарға қымбат тұратын мұндай үлкен ғимараттарың не керегі бар? Олардың аудандарын кішірейтіп, қалған жерлерге әлеуметтік маңызы бар нысандар - мектеп, аурухана салынатын болып шешілді. Меніңше, біз дұрыс жолда келе жатырмыз", - деді Боқаев Facebook парақшасында.

Ол мұның Наурызбай батыр ауданына қатысты екенін, дегенмен алда басқа да аудандарда қолданылатынын айтты.

Еске сала кетейік, Бауыржан Байбек 9 тамызда Алматы әкімі болып тағайындалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети