Алматы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Артур Нығметов Алматы әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нығметов қызметіне алдағы дүйсенбіден бастап кірісетінін айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Артур Нығметов Алматы әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нығметов қызметіне алдағы дүйсенбіден бастап кірісетінін айтты.

Артур Нығметов Батыс Қазақстан Мемлекеттің университетінің тарих факультетін (2007 жылы) және Мәскеу Саяси зерттеулер мектебін (2008 жылы) бітірген. Ол Швецияның мемлекеттік және муниципалдық SIPU International басқармасында тағлымдамадан өтті. 2008-2012 жылдар аралығында қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында тілші және редактор қызметін атқарды. Бұған дейін "Медиалық технологиялар орталығында" жұмыс істеді.

Еске сала кетейік, баспасөз қызметінің бұрынғы хатшысы Айбар Олжаев 2015 жылдың 18 тамызында қызметінен кетті. Оның қыркүйектен бастап жаңа қызметке орналасатыны белгілі болды, қазір ол келіссөздер жүргізіп жатыр. "Мен Ахметжан Смағұлұлы Есімовке маған сенім білдіргені үшін шексіз ризамын. Мұндай адамның жетекшілігінде жұмыс істеу арқылы үлкен тәжірибе жинауға болады, 2017 жылы халқымыз EXPO көрмесін абыроймен өткізеді деген сенімдемін. Ахметжан Смағұлұлының қиын мәселелерді шешуде үлкен тәжірибесі бар. Сонымен қатар, Алматының қазіргі әкімі Бауыржан Байбекке табыс, денсаулық тілеймін", - деді ол.

"Мен Ахметжан Смағұлұлы Есімовке маған сенім білдіргені үшін шексіз ризамын. Мұндай адамның жетекшілігінде жұмыс істеу арқылы үлкен тәжірибе жинауға болады, 2017 жылы халқымыз EXPO көрмесін абыроймен өткізеді деген сенімдемін. Ахметжан Смағұлұлының қиын мәселелерді шешуде үлкен тәжірибесі бар. Сонымен қатар, Алматының қазіргі әкімі Бауыржан Байбекке табыс, денсаулық тілеймін", - деді ол.

Еске сала кетейік, 9 шілдеде Алматы әкімі ауысты. "Нұр Отан" партиясының төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Байбекоңтүстік астанаға әкім болып келді. Ал Ахметжан Есімов "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшысы болып тағайындалды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети