Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды Ерлан Әукенов. © Bolashak.kz

Алматы әкімі Бауыржан Байбектің орынбасары болып Ерлан Әукенов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа қызметте ол индустриалдық-инновациялық даму, сауда, шағын және орта бизнес, туризм және табиғатты пайдалану мәселелерімен айналысады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бауыржан Байбектің орынбасары болып Ерлан Әукенов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа қызметте ол индустриалдық-инновациялық даму, сауда, шағын және орта бизнес, туризм және табиғатты пайдалану мәселелерімен айналысады.

Әукенов Ерлан Мұратұлы Алматыда дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің экономика факультетін аяқтаған. Ол "Болашақ" бағдарламасы арқылы Халықаралық бизнес академиясын бітірген, Ұлыбританиядағы Бредфорд университетінің менеджер мамандығы бойынша оқыған, мемлекеттік саясат магистрі. 

Әукенов әр жылдары "Самғау" Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің активтерді басқару жөніндегі департаментінің директор орынбасары, білім және ғылым министрінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің департамент директоры қызметтерінде болды, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында жетекші қызметтерде болды, Қазақстан Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметінде жұмыс істеді. Соңғы қызметі - СҚО әкімінің орынбасары.

Еске сала кетейік, Алматы әкімінің орынбасары қызметінде Ербол Шорманов болған еді. 17 тамызда ол басқа қызметке ауысуына байланысты жұмыстан шықты. Шормановтың жаңа қызметі жайлы мәлімет жоқ.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети