Алматы аулаларына бір жарым мың бейнетаспа орнатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы аулаларына бір жарым мың бейнетаспа орнатылады Сурет bloknot-volgodonsk.ru сайтынан алынды

Алматы аулаларына бір жарым мың бейнетаспа орнатылады деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Бүгін қала әкімі Ахметжан Есімов Ішкі істер департаменті жұмысының қортындысы бойынша кеңес өткізді, онда қылмысқа қарсы тиімді әрекет ету жағдайларын құру туралы сөз болды.

Алматыда адам көп жиналатын орындарға, көшелерге бейнетаспа орнату жалғасуда: парктерде, алаңдарда, тұрғын-үй аулаларында, денсаулық сақтау нысандарында, білім беру, мәдениет және спорт орындарында. Бүгіндері тұрғын жайлардың 568 ауласына 5 653 бейнетаспа орнатылған. Жылдың соңына дейін 350 аулаға қосымша 1600 таспа орнатылмақшы. 

"Құқық қорғау органдары алдында осы территориялардың ерекшелігін зерттеу бойынша үлкен міндет тұр. Жаңадан салынып жатқан аудандар қаланың қылмыстық жағдайына үлес қоспауы тиіс"деді Ахметжан Есімов полицейлермен өткен кеңесте.

Ресми мәліметтер бойынша, бүгінгі таңда қаладағы қылмыстың үштен бірін сырттан келгендер жасайды екен. Дегенмен Алматы ІІД бастығы жалпы қаланың қылмыстық жағдайы ұдайы бақылауда екендігін айтады: ауыр және аса ауыр қылмыс түрі 17 пайызға қысқарған. Кісі өлтіру фактісі де 32 пайызға кеміпті, тонау 3 есеге, денсаулыққа қасақана зиян келтіру - 27 пайызға төмендеген. қаладағы ұрлық 11,2 пайызға, зорлық-зомбылық 17,5 пайызға түсіпті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети