Алматы дәріханаларындағы есірткі саудасы видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы дәріханаларындағы есірткі саудасы видеоға түсірілді © Ольга Агапова/facebook.com

Алматы дәріханаларында жасөспірімдерге есірткі сатылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыны дәлелдейтін видеороликті "Еркін адамдар" орталығының еріктілері түсірді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы дәріханаларында жасөспірімдерге есірткі сатылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыны дәлелдейтін видеороликті "Еркін адамдар" орталығының еріктілері түсірді.

Орталық директоры Ольга Агапованың айтуынша, оқиға Достық даңғылында орналасқан дәріханалардың бірінде болды. Дәріхана қызметкері тек арнайы рецепт бойынша ғана берілуі керек, құрамында апиыны бар трамадол препаратын кәмелеттік жасқа толмаған балаға сатқан. Агапова препарат 100 пайыз тәуелділікке әкелетінін, 5 таблеткадан кейін баланың шнашақор болатынын айтты.

"Еркін адамдар" сауықтыру орталығына есірткіге тәуелді болды деген күдікпен 14 жастағы балалардың ата-аналары көп хабарласады. Біз қауіпті анықтау үшін кәмелеттік жасқа толмағандар мен есірткігі тәуелділерге трамадол (синтетикалық апиын) сататын дәріханаларды білгіміз келді. Бұл біз ойлағаннан да қорқынышты болып шықты, - деді Ольга Агапова. - 18 дәріхананы тексердік, олардың әрқайсысын ұялы телефонның камерасына түсірдік. "Құпия сатып алушы" барлық дәріханалардан есірткі затын оңай алып шықты".

Ольга Агапованың айтуынша, қазір жастар эйфория үшін бұл препаратты көп қолданады. Трамадолдың үлкен дозасы қояншық ұстамасына ұқсас дертке әкеледі. Тексерістен кейін "Еркін адамдар" қоры бұл мәселені қалалық әкімдік, Алматы қаласы бойынша медициналық және фармецевтикалық әрекеттерді бақылау комитеті, сонымен қатар ҚР денсаулық сақтау министрлігі дейгейінде көтерді. Агапова прокуратураға да шағымданды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети