Алматы көшелерімен қару тасымалдаған 5 адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы көшелерімен қару тасымалдаған 5 адам ұсталды @ СТВ

"Буран-354" патрулінің екі қызметкері Алматы қаласы Жетісу ауданы аумағында автомат пен тапанша тасымалдаған 5 адамды қолға түсірді. Полиция қызметкерлері ұсталғандардың біріне тиесілі Nissan Cefiro маркалы көлікті тінту барысында жүк салатын бөліктен оқ-дәрісі тола бір автомат пен үш тапанша тапты, деп хабарлайды СТВ теларнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 

Полицейлер айтқандай, олар кешкі бес шамасында Палладин көшесімен кетіп бара жатып, сол көше бойында орналасқан жанармайқұю стансасы маңында жалпы саны 20-ға жуық бозбаланың топтасып тұрғанын көріп қалады. Жиналғандардың құжаттарын тексермек болып, сол жаққа бет алғанда жиналған жастар жан-жаққа қаша жөнеледі. Полицейлер солардың ішінен бес жасөспірімді ұстап алған. Ұсталғандардың барлығы 1993-ші жылы туған Алматы қаласының тұрғындары болып шыққан. Қолға түскендер Жетісу аудандық ІІД жеткізіліп, оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети