Алматы мен Астанадағы "ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекеттерінде бензин қымбаттады

© Тұрар Қазанғапов

Алматы мен Астанадағы жанармай құю бекеттерінде бензин бағасы көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"ҚазМұнайГаз" ЖҚБ диспетчерлік қызметі Аи-92 маркалы бензиннің 125 теңгеден 130-ға көтерілгенін растады. Сонымен қатар, Аи-95 маркалы бензин және дизель отыны да қымбаттады. Айта кетейік, Алматы мен Астанадағы басқа бекеттерде жанармай бағасы өзгерген жоқ.

Алматыдағы "ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекетінде бензин бағасы 1 қазанда, түстен кейін өзгерді.

Реклама
Реклама

Басқа жанармай құю бекеттерінде баға өзгерген жоқ:

Астанадағы жанармай құю бекеттерінде де дәл осындай жағдай болды. "ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекеттерінде жанармай қымбаттады.

Басқа жерлерде баға бұрынғыдай болып қалды.

© Тengrinews 

Еске сала кетейік, ҚР энергетика министрі Владимир Школьник Қазақстанда АИ-92/93 маркалы бензин бағасының 140-150 теңгеге жетуі мүмкін екенін хабарлаған болатын.

4 қыркүйекте ҚР Үкіметі елдің отын нарығындағы тапшылықты болдырмау мақсатында АИ-92 маркалы жанар-жағар май бағасын мемлекеттік реттеу саласынан шығару бойынша шешім қабылдады. "ҚР Үкіметі елдің жанар-жағар май нарығындағы тапшылықтың алдын алу мақсатында АИ-92 маркалы жағар майдың бағасын мемлекеттік реттеу саласынан шығару бойынша шешім қабылдады", - деді Сағынтаев. Ол теңге бағамын еркіндікке жіберген соң "белгілі бір қиындықтар" туындағанын айтып өтті.

20 тамызда ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news4
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама