Қазақстанда АИ 92/93 бензинінің бағасы 140-150 теңгеге жетуі мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда АИ 92/93 бинзинінің литрі 140-150 теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы брифинг барысында Қазақстан энергетика министрі Владимир Школьник мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда АИ 92/93 бинзинінің литрі 140-150 теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы брифинг барысында Қазақстан энергетика министрі Владимир Школьник мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, ОКҚ-да өткен брифинг барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның еркін ауытқу бағамына өтуіне байланысты үкіметтің АИ 92/93 маркалы бензинінің бағасын реттеуден бас тарту туралы шешім қабылдағанын айтты.

1 қыркүйекте Астана әкімінің бірінші орынбасары Андрей Лукин теңгенің құнсыздануы Астанадағы жанармай бағасына әсер етпейтінін айтқан болатын.

"Жанар-жағармай материалдары барлық автокөліктерге жанармай құю станциясында бекітілген мәннен асқан жоқ. Жанармайдың қымбаттауы туралы дерек тіркелген жоқ. Қазақстан энергетика министрінің "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес, биыл 19 мамырда жанармайдың шекті бағалары белгіленді: АИ-80 - 89 теңге, АИ-92, 93 - 108 теңге және дизель отыны - 99 теңге. Осыған байланысты жанар-жағармай материалдары теңге бағамының ауытқуына тәуелсіз, тұрақты болып қалады", - деді Андрей Лукин ОКҚ брифингі кезінде.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.33  course up  619.98  course up  6.8  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer