Алматы мен Нұр-Сұлтандағы заңсыз митингілерге қатысушылардан қару табылды - ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы мен Нұр-Сұлтандағы заңсыз митингілерге қатысушылардан қару табылды - ІІМ Алматы. 6 шілде. © Ардақ Құлтай

Алматы мен Нұр-Сұлтандағы заңсыз митингілерге қатысушы кейбір адамдардан түтіндету құтысы мен қару табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы мен Нұр-Сұлтандағы заңсыз митингілерге қатысушы кейбір адамдардан түтіндету құтысы мен қару табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"6 шілдеде, мереке күні, Нұрсұлтан және Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митингілер өткізуге әрекет жасалды. Прокуратураның бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, жекелеген азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылық шақыруларына ұшырады. Олардың кейбіреулері басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіре отырып, Құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасай бастады", - делінген ведомство таратқан хабарламада.


Астана. 6 шілде.


Астана. 6 шілде.

Осыған байланысты ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдағаны айтылады.

Ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылар полиция бөлімшелеріне жеткізілген. Жеке тұлғалардан түтін шашкалары мен травмат қаруы тәркіленген.


Алматы. 6 шілде. © Ардақ Құлтай


Алматы. 6 шілде. © Ардақ Құлтай

"Тәртіп бұзушыларды ұстау барынша дұрыс жүргізілді, арнайы құралдар қолданылған жоқ", - деп мәлімдеді ІІМ өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети