Алматы метросы экс-директорының ісі бойынша айыпталушы өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы метросы экс-директорының ісі бойынша айыпталушы өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ © Роза Есенқұлова

Алматы метросының экс-директорының орынбасары Ербол Қалдыбаев өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, ол өзінің бұрынғы басшысы Мұрат Өкшебаевпен бірге сот алдына келді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы метросының экс-директорының орынбасары Ербол Қалдыбаев өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, ол өзінің бұрынғы басшысы Мұрат Өкшебаевпен бірге сот алдына келді.

Өкшебаев және тағы бір айыпталушы жауап беруден бас тартты. Сонымен қатар, бүгінгі сот отырысында айыпталушылар процессуалдық келісімге келуден бас тартты. Прокурор оларға тағылған айыппен таныстырды, онда фигуранттардың қылмыстық схема құру арқылы басқа кәсіпорындар ашқаны айтылған. Тендерге қатысу арқылы компаниялары конкурста жеңген. Шығын миллиард теңгеге бағаланды.

Мұрат Өкшебаев "Сеніп тасырылған бөтен мүлікті иеленіп алды немесе ысырап етті" деген айып тағылған. Бұған дейін Алматы метросының экс-директоры Өкшебаевтың ұсталғаны хабарланған болатын. Кейін ол ақша жымқырды деген күдікпен 2 айға қамалды. Өкшебаевтан өзге тағы екі адам сотталатын болады - Константин Антипов, Павлодар облысының тумасы, "СредАзЭнергоСервис" ЖШС басшысы және Ербол Қалдыбаев, олар метроның экс-директорының көмекшілері болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети