Алматы метросы жолаушылар үшін қалта карталарын шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы метросы жолаушылар үшін қалта карталарын шығарды ©Metroalmaty.kz

Алматы метрополитені жолаушылары метро маршруты көрсетілген қалта карталарын кассалардан тегін ала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Метрополитен" КМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы метрополитені жолаушылары метро маршруты көрсетілген қалта карталарын кассалардан тегін ала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Метрополитен" КМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Карталар Алматы қаласы тұрғындары мен қонақтарының бағдарлауын жеңілдету үшін шығарылған. "Картада метро желісінің маршруты, бекеттері және метроға жақын орналасқан Алматы қаласының басты көрікті жерлері көрсетілген", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Мұнымен қатар, метрополитен бекеттерінің жанында орналасқан аялдамаға дейін тасымалдайтын автобустардың, трамвайлардың және троллейбустардың маршрут нөмірлері де көрсетілген. Метрополитен қызметкерлерінің айтуынша, карта пішіні өте ыңғайлы жасалған, оны қалтаға немесе сөмкеге салып жүруге болады.

Айта кетейік, Алматыда метро 2011 жылы желтоқсанда ашылды. Қазіргі таңда 7 станция жұмыс істейді. 2015 жылы метроның тағы екі станциясы ашылуы керек. "Мәскеу" және "Сайран" станциялары қаланың орталығын шет аудандармен байланыстырады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети