Алматы метросына мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы белгілер орнатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы метросына мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы белгілер орнатылды © Алматы "Метрополитен" КМК

Алматы метросына Брайль шрифтімен жазылған, станциядағы шығатын есікті көрсететін тактильді жолдар төселді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Метрополитен" КМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Жігер" қоғамдық жастар ұйымының" өкілдері белгілермен танысып шықты. Комиссия мүшелері мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған құрылғыға жақсы баға берді.

Сарапшылар мүмкіндігі шектеулі жандардың Алматы метросы туралы толық ақпарат алғанын айтты. Сонымен қатар, болашақта метрополитенде мұндай жандарға арналған оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіліп тұратыны хабарланды.

Айта кетейік, Алматыда метро 2011 жылы желтоқсанда ашылды. Қазіргі таңда 7 станция жұмыс істейді. 2015 жылы метроның тағы екі станциясы ашылуы керек. "Мәскеу" және "Сайран" станциялары қаланың орталығын шет аудандармен байланыстырады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети