Алматы метросына жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған адам анықталды

Алматы метросына жарыл?ыш зат ?ойылды деп хабарла?ан адам аны?талды, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ?алалы? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Алматы метросына жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған адам анықталды, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ішкі істер органдарының, Алматы мен Алматы облысының арнайы қызметінің күш біріктіруімен жарылғыш зат қойылды деп хабар берген адам ұсталды, ол Сарқанд қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны, ол бұл қылмысқа бұзақылық ой-ниетпен барған", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Сотқа дейінгі тергеу барысында телефон соққан адамның терроризм актісі жайлы жалған хабар беру дерегі бойынша әрекетіне құқықтық баға беріледі және оның кінәсінің деңдейі анықталады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Алматыда метрополитен жолаушыларын эвакуациялап жатқаны хабарланған. Алматы метрополитенінің баспасөз қызметіндегілер метро ғимаратында жарылғыш заттың орнатылғаны туралы аноним қоңырау түскенін мәлімдеген еді. Осыдан кейін барлық станциядан эвакуациялау шарасы жүргізілді. Алайда кейін метрода жарылғыш зат жоқ болып шықты. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама