Алматы облысында Көлсайға баратын жолды көшкін басып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында Көлсайға баратын жолды көшкін басып қалды видеодан үзінді

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері Алматы облысында тау жынысы қозғалды деген мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері Алматы облысында тау жынысы қозғалды деген мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"2018 жылдың 19 сәуірінде Алматы облысы Көлсай гидробекетінің мамандары көшкін жүрген аймақты қарау барысында, қазіргі Кеген ауданының (бұрынғы Райымбек) аумағында Саты ауылына жақын маңда тау жынысы қозғалғанын байқаған. Басты себеп - жауын-шашынның түсуі мен сейсмикалық әсер", - деді ТЖК баспасөз қызметінің өкілі. 

Жылжымалы көшкін Саты ауылынан Көлсайға барар жолдағы 400 метрді жауып қалған және төрт электр сымын басып қалып, Көлсай көліндегі демалыс орындарын жарықсыз қалдырды. 

"Маусымдық қолданыстағы үй жинастырылып, басқа жерге көшірілді. Мамандар әлі де бақылап жатыр", - делінген хабарламада. 

Кезекшілік жасақталып, арнайы штаб құрылды. Төменгі көлге қарай жолдар жабылды.

Оқиға орнында Алматы облыстық ТЖД басшысы, Алматы облыстық ТЖД жедел әрекет ету тобы, жергілікті атқарушы органдар, АІІБ қызметкерлері, прокуратура, "Қазселденқорғау" МБ, "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің қызметкерлері бар. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети