Алматы облысында тауларда сел жүру қаупі әлі бар - Қазгидромет

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында тауларда сел жүру қаупі әлі бар - Қазгидромет Үлкен Алматы көлі. © Дәурен Исаев

Тауларда сел жүру қаупі әлі сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер таулы аймақтарда жылу қорының көптігіне байланысты ескерту жариялады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тауларда сел жүру қаупі әлі сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер таулы аймақтарда жылу қорының көптігіне байланысты ескерту жариялады.

"Биік таулы аймақтарда жылу қорының көптігіне, қарқынды қардың еруіне және күтілетін жауын-шашындарға байланысты, 24-27 шілде аралығында Алматы облысының жекелеген таулы өзендерінде жаңбыр мен еріген қардың тасқыны қалыптасуы мүмкін, тауларда сел қаупі сақталады", - делінген "Қазгидромет" таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, ТЖД Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына қауіпті аймақтан кетуді, сел қаупі туындағанда билік орындарына хабарлауды, қауіпті аймақта жүрген кезде сақ болуды, жүріс барысында, сел қаупінің алғашқы белгілерін байқау үшін, қауіпті тау шатқалына тас лақтырып көруді ескертті. ТЖД қызметкерлерінің айтуынша, адамдарды қорғау бойынша арнайы жоспарлардың бар екенін білу маңызды, себебі қауіпті жағдайда оларды пайдалана білу керек.

Еске сала кетейік, 23 шілдеге қараған түні Алматының Наурызбай ауданында сел жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Сел болған аймақтан 900-ге жуық адам эвакуацияланды.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети