Алматы облысында жекеменшік 133 балабақша ашылатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жекеменшік 133 балабақша ашылатын болды Фото © Тұрар Қазанғапов

Алматы облысында жекеменшік 133 балабақша салынатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыс басшысы Амандық Баталов мәлім етті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жекеменшік 133 балабақша салынатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыс басшысы Амандық Баталов мәлім етті.

"Облыста мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу ісінде балаларды қамту көрсеткіші - 63,5 пайыз. Бұл республика бойынша төменгі көрсеткіш. Сондықтан сұранысты толық қамтамасыз ету үшін біз 2020 жылға дейін жалпы саны 245 балабақша салу қажет екенін есептеп шықтық. Әрине мұның барлығын бюджет есебінен өтеу мүмкін емес. Сол себепті біз жергілікті кәсіпкерлермен уағдаласа отырып, жекеменшік 133 балабақша ашуды жоспарлап отырмыз", - деді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте Баталов.    

Облыс әкімінің сөзіне қарағанда, жергілікті бюджет есебінен 87, ал республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға 25 балабақша салу жоспарланған.

"Білім беру саласындағы түйіткілдерді толықтай шешу мақсатында жеті мектепте жеңіл, ал екі мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады", - деді Баталов. Әкімнің айтуына қарағанда, бүгінгі таңда ондай мектептер саны 24 болса, ал үшауысымда оқытатын білім ордасының саны 47.

"Біз 2017 жылға дейін жалпы саны 43 мектепті кезең кезеңімен салуды жоспарлап отырмыз. Олардың 29-ы республикалық бюджет есебінен салынады, ал қалғандары жергілікті бюджет есебінен бой көтермек", - деді ол. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети