Алматы облысында жоғалып кеткен студент қыз табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жоғалып кеткен студент қыз табылды © Facebook / Константин Авершин

Алматы облысында жоғалып кеткен студент қыз табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі еріктілердің Facebook әлеуметтік желісіне жариялаған ақпаратына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жоғалып кеткен студент қыз табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі еріктілердің Facebook әлеуметтік желісіне жариялаған ақпаратына сілтеме жасап.

"Полиция қызметтерін атқарып жатыр. Бұл жолы тапты. Сүйінші. Психолог қажет", - деп жазды іздеу тобындағы еріктілердің бірі Константин Авершин.


Константин Авершин/Facebook

Ерікті Tengrinews.kz тілшісіне қыздың аймақтарды тексеру барысында табылғанын айтты. "Тұрар саяжайында. Ол өте қатты қорқып қалған. Токарев ұсталды. Қапшағай қалалық ЖПБ қызметкерлері тапты", - деді Авершин.

ІІД бұл ақпаратты растады. "Қыз тірі. Ол қазір Қапшағай қалалық жол полициясы басқармасына жеткізілді. Басқармаға қызбен бірге оны ұрлады делінген ер адам да жеткізілді. Полицейлер ұсталған ер адамнан жауап алып жатыр. Айзада Авлатарованың туыстарына оның қай жерде екені хабарланды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары "Адам ұрлау" бабына сәйкес жалғасып жатыр. Толығырақ кейін хабарлаймыз", - деді ІІД баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Айзада Авлатарова 3 желтоқсанда жоғалып кеткен болатын. Іле ауданы Жетіген ауылының тұрғыны көрші Өтеген батыр ауылындағы (қыздың үйінен 25 шақырымдағы) оқуына бару үшін таксиге отырған. Дегенмен ол тиісті жеріне жетпеді.

Қыздың атасы Руслан мен туысы Гүлзара Айзаданың экономика және құқық колледжінде оқитынын айтты. Айзада жолда досына хабарласып, жүргізушінің оны Қапшағай жаққа апарғанын айтқан. Сонымен қатар, әңгіме барысында ол қатты қорқатынын бірнеше рет қайталап айтыпты. Кейін қыз бірге оқитын құрбысына хабарласып, колледжге бес минуттан соң келетінін жеткізген. Дегенмен ол сол күйі барған жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети