Алматы облысындағы тікұшақ апатының үш себебі тергеліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысындағы тікұшақ апатының үш себебі тергеліп жатыр Апат алдында түсірілген сурет. © Григорий Беденко

Тергеу Алматы облысындағы тікұшақ апатының үш себебін қарастырып жатыр, оның бортында сәби болған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына Бас көлік прокуратурасының өкілдері хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тергеу Алматы облысындағы тікұшақ апатының үш себебін қарастырып жатыр, оның бортында сәби болған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына Бас көлік прокуратурасының өкілдері хабарлады.

"Апаттың барлық нұсқасы қарастырылып жатыр (әуе кемесінің бұзылуы; бортқа сырттан әсердің келуі; пилоттың немесе әуе кемесіне қызмет көрсететін жұмысшылардың қателігі), олардың аясында сот-медициналық, жарылыстехникалық, фонографиялық және мұнай өнімдері сараптамалар тағайындалып, жүргізіліп жатыр. Тергеуге отандық және шетелдік әуе мамандары кірісті", - деп хабарлады прокуратурадағылар.

Қылмыстық іс бойынша қорытынды шешім қабылданбағандықтан толық мәлімет әзірше жария болмайды. "Санитарлық авиация республикалық орталығы" РМК қаражатын қолдану заңдылығының сақталуын тексерудің әзірше аяқталмағандығынан, оның қорытындысы бойынша мәлімет хабарланбайды, делінген жауапта. 

Еске сала кетейік, Алматы облысында 27 қаңтарда тікұшақтың жоғалып кеткені хабарланған еді. Комитет өкілдері 27 қаңтарда Астана уақыты бойынша 17.47-де Алматы облыстық ТЖД-ның Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне 15.45-те Алакөл ауданындағы Үшарал қаласынан Талдықорғанға қарай ауруханаға "Аспан" акционерлік қоғамының меншігіндегі UP-MD 600-N азаматтық тікұшағының науқас баланы алып шыққаны туралы хабарлама келіп түскенін айтқан болатын.

Алматы облысының әкімдігі қаза болғандардың отбасына миллион теңгеден төледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети