Алматы облысындағы ұшақтың құлауына байланысты Қазақстанда Як-12 әуе кемелерін пайдалану тоқтатылды

Алматы облысындағы ұшақтың құлауына байланысты Қазақстанда Як-12 әуе кемелерін пайдалану тоқтатылды © englishrussia.com

?Р Инвестициялар ж?не даму министрлігіні? Азаматты? авиация комитеті Алматы облысында?ы ?ша? апатына ?атысты тергеу ая?тал?анша Як-12 ?ша?тарын пайдалануды то?татты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Алматы облысындағы ұшақ апатына қатысты тергеу аяқталғанша Як-12 ұшақтарын пайдалануды тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Алматы облысының Панфилов ауданында "Қазавиа" ҰАК" ЖШС-ның Як-12 әуе кемесімен болған жағдайға байланысты ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті тергеу толық аяқталғанша Қазақстан аумағында Як-12 ұшақтарын пайдалануды тоқтатады", - дейді комитет өкілдері. 

Істі ҚР ИДМ-нің Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті тергейтіні айтылды.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 27 шілдеде Як-12 ұшағының апатынан екі адам қаза болды. Ұшақ әуеден химиялық шашу жұмыстарын жүргізген. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама