Өткен аптада Almaty parking компаниясы басшылығының ұсталғаны белгілі болды. Осыған байланысты алматылықтар көкейінде бір сұрақ туындады. Енді ақылы автотұрақ операторына автотұрақ ақысын төлеу керек пе, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Автотұрақтар жұмыс істейді. Ақылы автотұраққа тоқтасаңыз, төлем талап етіледі. Тұрақтар бұрынғысынша, режим бойынша жұмысын жалғастырып жатыр. Өкінішке қарай, басшылықтың ұсталғаны туралы ақпарат жоқ", - деді "Алматы паркинг" сенім телефонына хабарласқанда.
Бұл ретте оператор көлік тұрағы үшін ақы төлемесе, жүргізуші айыппұл төлеуге мәжбүр болатынын атап өтті.
"Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС директоры Марат Пірінбеков қамауға алынды
Бұған дейін Алматыда A-parking ақылы автотұрақтар операторы саналатын Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынғаны хабарланған болатын.
Кейін A-Parking жобасына жауапты тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен соталды тергеу басталғаны хабарланды.
Былтыр желтоқсанда Қайрат Боранбаев иелік ететін RR2 компаниясы Alan Parking фирмасынан 30 пайыз үлес сатып алған. Бұған дейін ақылы автотұрақтардың операторы мемлекетке тиесілі болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!