Алматы полициясы қалта ұрыларының суретін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы қалта ұрыларының суретін жариялады Tengrinews.kz фотоколлажы. Сурет Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінен

Алматыда бір ай ішінде полицейлер 70-тен аса қалта ұрысын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бір ай ішінде полицейлер 70-тен аса қалта ұрысын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.  

Алматы аумағында полиция жедел іздестіру бөлімінің қызметкерлері қоғамдық орындарда бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқан қалта ұрыларын құрықтады. 

"Бір жағдайда қаланың сауда орталықтарының бірінің келушісі затын ұрлатқан. Күдікті, 1990 жылғы ер адам И. оның қалтасынан 18 мың теңге көлемінде қаражатты ұрлаған. Біраз уақыттан кейін қаладағы тағы бір сауда үйінде осыған ұқсас қылмыс болған, мұнда 1991 жылы туған М. деген адам ұрлық жасаған. Күдікті әйелдің қалтасынан ақша мен құжаттары бар әмиянды ұрлап кеткен. Тағы бір қылмыстық оқиғадан Алматы қаласының қарт тұрғыны зардап шекті. Ер адам қаладағы орталық көшелердің бірінде ірі көлемде қаражат ұрлатқан. Ұры 38 жастағы әйел адам. Ер адам болған жағдайдан біраз уақыт бойы өзіне келе алмаған. Сонымен қатар, екі ұры ұялы телефондарды ұрлау арқылы нәпақа таппақшы болған", - деді Алматы полициясы департаменті криминалдық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Полиция департаментінің өкілдері қылмыскерлер барлық жағдайларда ізін суытпай ұсталғанын айтады. Қазіргі уақытта аудандық полиция басқармаларында ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

Сонымен қатар, мегаполис полиция қызметкерлері азаматтарға қоғамдық орындарда қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети