Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы қызметінен кетті

Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы қызметінен кетті

Алматы қалалық спорт дәне дене шынықтыру басқармасының басшысы Хайырболат Хайдаров қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мәліметі бар дереккөзге сілтеме жасап.

Бұл мәліметті қалалық әкімдік өкілдері растап отыр. "Иә, ол өз қалауымен қызметінен кетті (...) ол кету туралы арыз жазды. Хайдаровтың міндетін уақытша атқарушы оның орынбасары", - деп мәлімдеді Алматы әкімдігінің өкілдері. 

Әкімдіктегілер Хайырболат Хайдаровтың бұл қызметте жеті жыл болғанын айтты. Шенеуніктің жұмыстан кету себебі әзірше белгісіз.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама