Алматы қылмыс көп жасалатын қалалар рейтингіне кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қылмыс көп жасалатын қалалар рейтингіне кірді

Ғаламшардағы қылмыс статистикасын жүргізетін Numbeo сервисі 2018 жылдың "Қылмыстық рейтингін" жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Мамандар 327 қаладағы қылмыстарды сараптаған.

Сонымен, әлемнің ең қауіпсіз қаласы БАӘ астанасы - Әбу-Даби болды. Мұнда қылмыс индексі 13 пайыздан сәл асып отыр, ал қауіпсіздігі бойынша көрсеткіші 86,37 пайызға тең. Бұдан кейінгі орындарда Катардағы Доха орналасқан, кейін швейцарияның Базель қаласы (индексі - 16 пайыз). Ең қауіпсіз қалалардың ондығына Сингапур, Квебек, Осака, Токио, Берн, Мюнхен және Цюрих енген.

Қазақстан қалаларынан тізімде Алматыға ғана бар екен. Рейтингте оңтүстік астанамыздың алып отырған орны - 216. Сервис мәліметтері бойынша, қаладағы қылмыс индексі 50,06 пайыз, ал қауіпсіздік индексі - 49,94. 

Әлемде қылмыс ең көп жасалатын қала Сан-Педро-Сула болды, бұл Гондурастағы ең ірі қалалардың бірі (қылмыс индексі 85,18).

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети