Алматы-Ташкент тасжолында қар құрсауынан адамдар құтқарылды

Алматы-Ташкент тасжолында қар құрсауынан адамдар құтқарылды Видео кадры

Жамбыл облысында ақтүтек боран салдарынан жолдар жабылды. Қазір барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Халықаралық маңызға ие Алматы-Ташкент тасжолында кешелі бері көлік қатынасы үзілген, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жолда жүздеген жүк көлігі, оның ішінде жолаушылары бар 40-тан астам автобус қалып қойған. Қарлы боранның құрсауында қалған 26 көлік сүйреп шығарылып, 140 адам Бауыржан Момышұлы ауылына жеткізілген. Оның 8-і бала. Құтқарылғандар жергілікті мәдениет үйі мен мектептерді паналаған.

Тағы 500-ге жуық адам бет алған бағыттары бойынша пойызбен жөнелтілді. Көлік қозғалысы қашан жанданатыны белгісіз. Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығынан облыстық маңыздағы жолдар да жабылған. Қазір Жуалы ауданы, Жаңатас пен Қаратау қалаларын жалғап жатқан жолмен жүру мүмкін емес. Аймақта қалыптасқан жағдайға байланысты жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети