Алматы жолдарында 1500-ден аса жаңа видеокамера орнатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы жолдарында 1500-ден аса жаңа видеокамера орнатылады ©Addontechno.com

Алматы жолдарында 1500-ден аса жаңа видеокамера орнатылады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД баспасөз-хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады. Алматы жолдарына видеотіркеу құрылғылары "Жол қозғалысы қауіпсіздігінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі" аясында қойылады.

Әзірше, Салтанат Әзірбектің айтуынша, жаңа камералардың нақты саны белгісіз. Десе де, мәселе жолдардағы 100-150 жаңа бекет туралы болып отыр, олардың әрқайсысында 15-16-дан видеокамера орнатылады. Орнатылу мерзімі де әзірше нақтыланбай отыр. Бірақ, Салтанат Әзірбектің айтуынша, видеокамералар осы жылы пайда болуы мүмкін. 

ІІД мәліметінше, қазіргі уақытта калада 10 мың видеокамера орнатылған. "Бұл - қалада орнатылған камералардың жалпы саны. Олар көшелер мен үй аулаларында жолдың қауіпсіздігін сақтап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді", - деді Әзірбек.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети