Алматыда 1 мамыр қалай тойланады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 1 мамыр қалай тойланады? Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматыда Қазақстан халықтарының Бірлігі күніне мазмұнды мерекелік бағдарлама дайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Қазақстан халықтарының Бірлігі күніне мазмұнды мерекелік бағдарлама дайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан халықтарының Бірлігі күні қаланың бірқатар алаңдарында бірмезетте мерекеленеді. Мерекелік серуен Республика Сарайы алдындағы алаңмен шектелмейді. Алғаш рет мерекелік шара қайта жаңарған Панфилов көшесінің бойында да өтеді, мұнда таңнан кешке дейін мегаполистің этномәдени бірлестіктерінің ұжымдары концерт қояды.

Абай алаңында таңғы сағат 10:00-де этномәдени бірлестіктердің көрмесі ашылады, оған ұлттық тұрмыстық заттар, музыка аспаптары қойылған, ұлттық костюм көріністері және басқалары ұсынылады.

"Сағат 11:00-де қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен музыкалық бағдарлама басталады. Сахнда күні бойына 500-ден астам артистер өнер көрсетеді, соның ішінде Роза Рымбаева, Диана Шарапова, Әли Оқапов, Роман Ким, Luina, Янис Кайсиди, Адылжан Умаров, "Сарын" дуэті, "Дервиши", "МұзАрт", "Assyl", "Vox Acapella" топтары, "Vivat", "Rise", "Ivory" шоу-балеттерінің өкілдері және көптеген басқалары өнер көрсетеді", - делінген хабарламада. 

Ұйымдастырушылар ерекше динамикалық оранжировка мен хореография көктемгі мерекелік көңілді көтере түседі дейді.

"Ұлттық композициялар мен билердің ашық палитрасы қазақстандық авторлардың заманауи әндеріне ұласып, халық бірлігінің өзіндік символына айналады", - деді Алматы қаласының Мәдениет басқармасының өкілдері.

"Сағат 19:30-да Айқын Төлепберген "15 жыл, сіздермен бірге" атты өзінің жеке концертін ұсынады, ал 21:30- да сахнаға "Ән мерекесі" бағдарламасымен "Турецкий хорының" артистері шығады. Мереке құрметіне ұжыммен бірге әйелдердің "SOPRANO Турецкого" арттобы ән шырқайды, осылайша талант пен сұлулық үйлесім табады.
Өз кезегінде, Панфилов көшесінде күні бойына концерттер мен көрмелер өтеді, мұнда қала тұрғындары мен қонақтары мегаполистің этномәдени бірлестіктерінің өзіндік мәдениетімен және дәстүрлерімен танысады", - делінген хабарламада. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети