Алматыда 10 тәулікке қамалған блогерлер босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 10 тәулікке қамалған блогерлер босатылды Қамауға алынғандардың бірі - блогер Нұрали Айтеленов. ©Аzattyq.org

Алматыда 10 тәулікке қамалған блогерлер Дмитрий Щелоков, Ринат Қыбраев пен Нұрали Айтеленов бостандыққа шығарылды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің мәліметі бойынша. "Демократиялық Қазақстан" қоғамдық қозғалысының жетекшісі Мұрат Телібеков Facebook-тегі парақшасына "Алматылық блогерлер бостандыққа шықты! Алла Тағалаға шүкір!" - деп жазды. Телібеков "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сенбі күні Щелоков, Қыбраев, Айтеленовтердің қамаудан шығарылатынын растады. Қозғалыс жетекшілері қамалған блогерлердің бірімен әңгімелескен. Бұған дейін 4 ақпан күні Алматыда полицияның бірнеше журналисті ұстап әкеткені хабарланған еді. Олар Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов блогерлермен кездесу өткізген мейрамханада наразылық білдірген. Кейін әкімшілік сот ұсталғандарға 10 тәулікке тұтқындау жазасын тағайындады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети