Алматыда 800-ге жуық шетелдік ұсталды

Алматыда 800-ге жуық шетелдік ұсталды Фото: Алматы қаласының полиция Департаменті

Алматыда "Заңсыз" жедел алдын алу шарасы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Заңсыз" жедел алдын алу шарасы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция өкілдерінің мәліметінше, жүргізілген рейдтер нәтижесінде 794 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін, қабылдаушы жақтың жеке және заңды тұлғалары арасында Қазақстан Республикасының 168 азаматына айыппұл салынды, сонымен қатар 56 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды", - дейді Алматы қаласы полиция департаменті көші-қон қызметінің басшысы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ, қабылдау бөлімдеріне жеке куәлігі жоқ 336 шетелдік азамат тіркелді. 196 шетелдік соттың шешімімен Қазақстан Республикасынан шығарылды. Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыру фактілері бойынша 3 сотқа дейінгі тергеу басталды.

Шараның мақсаты - өзара іс-қимылды күшейту, заңсыз көші-қон жолдарын анықтау, шетелдіктерді жұмысқа заңсыз тарту фактілері туралы ақпарат алмасу екені айтылады. 

"Жалпы алғанда, жедел алдын алу шарасы аясында жеке құрылыс алаңдары, базарлар, тамақтану орындары, оқу орындары, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін қолдану ықтималдығы жоғары жаңа ғимараттар сынақтан өткізілді", - дейді полициядағылар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети