Алматыда ағылшын тілін тегін үйрететін курс ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ағылшын тілін тегін үйрететін курс ашылады © zhzh.info

Алматыда "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ағылшын тілін тегін үйрететін курс басталады, деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ағылшын тілін тегін үйрететін курс басталады, деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, курсқа қатысу үшін алыстан ат терлетіп келудің қажеті жоқ. Жобаны ұйымдастырушы "U 38" университеттер альянсының хабарлауы бойынша, профессорлар курсты онлайн режимде жүргізеді. Сондықтан ағылшын тілін Қазақстанның кез келген жерінен үйренуге болады. Қатысушылар үшін 7 сабақ дайындалған. Яғни, тіл меңгерушілер қалаған уақытында курсқа қосылып, білім ала алады. Айта кетейік, онлайн курс тілді жаңадан үйренушілерге арналмаған.

"Бір деңгей керек ағылшын тілінде. Оны біз "Pre-Intermediate" дейміз. Яғни, сіз осы деңгейде өзіңіздің ойыңызды жинақтай аласыз. Өзіңіздің сөздік қорыңыз бар. Бұл курстың ерекшелігі - сіз сол ойларыңызды дұрыстап, мазмұндап, аудиторияға бағыттап, лексикалық тұрғыдан соны дұрыстап жеткізе алатын боласыз",  - деді Абылайхан атындағы ҚХҚ және ӘТ университетінің доценті Перизат Елубаева. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети