Алматыда алғашқы қар: Қала тұрғындары суреттер мен видеоларды жариялап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда алғашқы қар: Қала тұрғындары суреттер мен видеоларды жариялап жатыр © Әлішер Ахметов

Алматыда бірнеше күн бойы жауған суық жаңбырдан соң, оңтүстік астананың таулы аймақтарында қар жауды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желі қолданушылары фотолар мен вуидеоларды ғаламторға жүктеп жатыр. Қалада біраз уақыттан бері бұлтты әрі түнеріңкі болып тұрды, алайда жауған қар бірден еріп кетті.

Қала тұрғындары алғашқы жауған қармен бірін-бірі құттықтап жатыр. Тайлы аймақтарда жауған қарды тазалауға кірісіп жатыр. 

Осыған дейін, Синоптиктер 30 қыркүйек - 2 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті. Cиноптиктердің мәліметінше, жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

"Ауа райының салқындауы мен жаңбырдың жаууы, кей уақыттарда жаңбырдың соңы қарға ұласуы Карс теңізі аумағынан түскен арктикалық ауа массаларымен байланысты болды. Алдағы демалыс күндері тропосфералық ағындардың бағыттары көп ауыспайды. Бұрынғысынша республикамыздың батысы мен солтүстік аймақтарына әсерін тигізеді, сол себептен ол аймақтарда салқын ауа райы мен бұлтты жауын-шашын сақталады", - деді синоптиктер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.39  course up  600.31  course up  6.73  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети