Алматыда арыз-шағым қабылдауға арналған жаңа жүйе іске қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда арыз-шағым қабылдауға арналған жаңа жүйе іске қосылды © "Алматы" телеарнасы

Алматыда арыз-шағым қабылдайтын жаңа жүйе іске қосылды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда арыз-шағым қабылдайтын жаңа жүйе іске қосылды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, Алматыдағы "109" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне енді әлеуметтік желілер мен сайт арқылы да өтініш жолдауға болады. Айта кетейік, былтыр қала әкімдігі халықпен етене жұмыс істеу үшін арнайы кезекшілік қызмет ашқан еді.

Әкімдік еңгізген жаңа жоба қаланың коммуналдық қызметін бақылау мақсатында ашылған. "Су, жылу, жарық, газ бен тазалық жағы көңілінен шықпайтындар "109" нөмірін терсе болды, мәселе шешіледі",- дейді мамандар. Енді мұндай кемшіліктерді суретке түсіріп, электронды түрде сайт және әлеуметтік желі арқылы қала әкімдігіне жіберуге болады. Электронды жүйе қала әкімдігінің 25 басқармасы мен аудандық әкімдіктердің жұмысын бақылайды. 

Айта кетейік, "109" қызметінің диспетчерлері телефон арқылы тәулігіне 500-дей қоңырау қабылдайды. Ал жолданған хатқа 2 күн ішінде жауап берілуі тиіс.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети