Алматыда аудан әкімдігі қызметкерлерінің тең жартысынан артық салмақ анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда аудан әкімдігі қызметкерлерінің тең жартысынан артық салмақ анықталды ©Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігі қызметкерлерінің көбінен артық салмақ анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін, 21 қазан күні шенеуніктердің денсаулығын тегін тексеру үшін әкімдікке №11 емхана дәрігерлері келді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігі қызметкерлерінің көбінен артық салмақ анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін, 21 қазан күні шенеуніктердің денсаулығын тегін тексеру үшін әкімдікке №11 емхана дәрігерлері келді.

Терапевт, эндокринолог, лор және онколог-маммолог әйелдер мен ерлерді тексерді. Таңертеңнен бері мұнда шенеуніктер кезекке тұрды. Әкімдік қызметкерлеріне жұмысты тоқтата тұруға рұқсат берілді. "Қазіргі дейін біз Жетісу аудандық әкімдігі қызметкерлерінің 40 пайызын тексеріп шықтық. Олардың 50 пайыздан астамында артық салмақ болып шықты - бұл қант диабетіне соқтыруы мүмкін. Екі адамның қанынан қанттың жоғарғы көрсеткіші анықталды. Бүгінде қозғалыссыз өмір салтын ұстанатын шенеуніктер арасында жүрек-қан тамырлары аурулары көп кездеседі. Бұл жайт метабола синдромының дамуына ықпал етеді, бұдан артық салмақ, миокард инфаркты, сусамыр сияқты аурулар пайда болады", - дейді №11 емхананың терапия бөлімшесінің меңгерушісі Айнар Әмірғазинова.

Оның айтуынша, бұл дәрігерлердің шенеуніктерге бірінші рет келуі емес. Жүргізілген акциялардан соң дәрігерлер пациенттерге денсаулығын одан әрі тексеріп жүруі үшін ұсыныс-кеңестер береді. Жетісу аудандық әкімдігінің кейбір қызметкерлеріне УЗИ-ден өтіп, қосымша мамандарға қаралуы керек. "Онкологиялық аурулардың арасында сүт безі қатерлі ісігі ең алғашқы орында тұр. Сондықтан біз жиі-жиі тексеріліп тұруға, барлық қазақстандыққа жылына кемінде бір рет медициналық тексерістен өтуге кеңес береміз", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети