Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алу қабырғасына қатысты дау туды

@Tengrinews.kz

Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алу қабырғасына қатысты дау туды, - деп хабарлайды "Жетінші арна"  тілшілері. 

Ескерткіш портретті салған Мина Бакарасованың айтуынша, ПИК қызметкерлері Батырхан Шүкеновке қойылған гүлдерді, шарларды, шамдар мен суреттерді қоқысқа тастаған. "Біз қолғап киіп Батырханның суреттерін қоқыстан алдық, гүлдер мен шамдарды да қайтадан орнына қойдық. Бұл ПИК тарапынан көрсетіліп отырған вандализм. Оның өмірден озғанына жеті күн өтпей жатып барлығын лақтырып тастапты!", - деді ол.

ПИК тарапынан бұл оқиғаға қатысты пікір айтылмады.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 1 мамырда суретшілер тобы Арбат ауданында Батырхан Шүкеновтің портретін қабырғаға салған болатын. Мемориалды көруге жүздеген адам келіп жатыр. Әншінің табынушылары болашақта өз қалталарынан қаражат шығарып, қабырға маңына асфальт жол төсеуді жоспарлап отыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама