01 мамыр 2015 17:13

Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алу қабырғасы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батырхан Шүкеновті еске алу қабырғасы. © Дина Сабирова Батырхан Шүкеновті еске алу қабырғасы. © Дина Сабирова

Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алу қабырғасы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алу қабырғасы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның портреті салынған граффитиді Арбат ауданындағы Панфилов көшесі, 101-үйден көруге болады. Мина Бакарасова Батырхан Шүкеновтің портретін қабырғаға салушы бір топ ерікті суретшілерге бастамашы болды. Олар сурет салуды 30 сәуір күні кешкі сағат 8-де бастап түнгі 1-де аяқтады. Бакасарованың сөзіне қарағанда, сурет салатын орын кездейсоқ таңдалмаған. Дәл осы жерде бір кездері "А'Студио" тобының негізін қалаушы Байғали Серкебаевтың үйі болған. Бүкіл ұжым осы үйде жиналып, шығармашылық кештер мен достастық кездесулер өткізген.  

Айта кетейік, бастамашы топ сурет салуға қажет барлық бояуды өз ақшаларына сатып алды. Сонымен қатар, тілек білдіруге ниетті кез келген адам осы жерге келіп тілегін қалдырып, гүл шоқтарын қоя алады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновпен қоштасу рәсімі 1 мамырда, бір кездері әнші шығармашылық жолын бастаған Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтті. Таңертеңнен бері филармонияның алдына мыңнан аса адам жиналып, сағаттар өткен сайын олардың қатары ұлғая берді. Батырхан Шүкеновтің туған-туыстарына көңіл ату үшін атақты қайраткерлер, әртістер мен Қазақстан әншілері келді.

Батырхан Шүкенов 53 жасқа қараған шағында, 29 сәуірде жүрек талмасынан Мәскеудегі пәтерінде қайтыс болды. Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Мансап жолын ол белгілі әнші Роза Рымбаеваның саксофоншысы ретінде бастаған. 1988 жылы өзі құрған А'Студио тобының фронтменті болады, ал бір жылдан кейін "Джулия" деп аталатын хит әні шығады. Танымалдылық бұл топқа Алла Пугачевамен бірге "Рождественские встречи" байқауына қатысқаннан кейін келеді. Батырхан Шүкенов А'Студио тобынан 2000 жылы кетіп, жеке өнер көрсете бастайды. 2014 жылы "Живой звук" шоуының жеңімпазы атанды, ал 2015 жылы "Россия 1" телеарнасының "Один в один" шоуына қатысып, көшбасшылар қатарынан көрініп жүрген болатын. 17 мамырда Батырхан Шүкеновтің қатысуымен бағдарламаның кезекті көрсетілімі эфирге шығуы тиіс еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети