Алматыда бірнеше бағыттың автобустары жаңарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бірнеше бағыттың автобустары жаңарды © Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда тағы бірнеше бағытта автобустар жаңарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тағы бірнеше бағытта автобустар жаңарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыда көлікті реформалау және жолаушы көлігінің тұрақты жүйесін қалыптастыру аясында жылжымалы составты жаңарту одан әрі жалғасты. Алматы әкімі жұмыс сапары кезінде жеке тасымалдаушылар алған бірқатар бағыттарды, соның ішінде қалаға жақын аумақтарды қамтитын жаңа автобустарды көрді.

"Бұрындары біз 20 жыл бұрын алынған ескі автобустармен жұмыс істедік, соның салдарынан қозғалыс кестесі сақталмайтын, жолаушылар реніш білдіретін. Қазіргі кезде жеке қаржымызға жалпы сыйымдылығы 70 адамға дейін жететін Yutong маркалы Евро-5 экологиялық сыныптағы 30 автобус сатып алдық", - деді "Қаскелең автобус паркі" ЖШС директорының орынбасары Қайрат Юсупов.

Бұл автобустар №23 (Қырғауылды-Бесағаш ауылдары) және №78 ( Саяхат автобекеті-Жалпақсай ауылы) бағыттары бойынша жүреді, күніне орташа есеппен 15 мыңға дейін жолаушы тасымалдайды.

Сонымен қатар, "Олжас LTD" автопаркі жылжымалы составтың тағы төрт бірлігін сатып алды. Сыйымдылығы орташа автобустар №62 бағыт бойынша жүреді, жолаушы ағыны артқандықтан бұрынғы жаңарған автобустардың қатарын толықтырады.

"Мегаполис басшысы субсидия бөлу арқылы жылжымалы составты жаңартқан автопарктерге қолдау көрсетілетінін айтты. Дегенмен, тасымалдаушылар жүргізушілердің мәдениетін және қызмет көрсету сапасын арттырулары тиіс", - деді әкімдіктегілер.

Айта кетейік, жыл аяғына дейін жаңарған қоғамдық көліктің үлесін 80 пайызға дейін жеткізу жоспарланған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети