Алматыда дене бөлшектері табылған ер адам Кентаудан келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда дене бөлшектері табылған ер адам Кентаудан келген

Алматыдағы Абылай хан мен Райымбек даңғылдарының қиылысындағы үйлердің бірінің қоқыс контейнерінен дене бөлшектері табылған ер адам Кентаудан келген болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Абылай хан мен Райымбек даңғылдарының қиылысындағы үйлердің бірінің қоқыс контейнерінен дене бөлшектері табылған ер адам Кентаудан келген болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қаза болғанның туысының айтуынша, ол пышақ жарақатынан қаза тапқан. "Оны 6 қыркүйекте, сейсенбі күні өлтіріп кеткен. Тергеудің мәліметінше, ол пышақ жарақатынан өлген. Жерлеу рәсімі 9 қыркүйекте өтеді. Мен Алматыға бара жатырмын. Оны қалада жерлейміз, оның баласы жоқ, отбасы құрмаған. Мән-жайын білмеймін", - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Абылай хан және Райымбек даңғылдарының қиылысында орналасқан үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінде ер адамның дене мүшелерін тапқаны жайлы айтылған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, адамның қалдықтары - басы және қолы. Ол контейнердің ішіндегі мүшелерді қоқыс жәшіктерін қарап жүрген үйсіз адам көрген. 

ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың айтуынша, ер адамның мәйітінің табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР қылмыстық Кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері қылмыс болған пәтерді де анықтаған. Сонымен қатар, көрші пәтерде тұратын әйел түнгі уақытта ешқандай айқайды естімегенін айтты. Ол пәтердің жалға берілетінін растады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети