Алматыда Көкбазардың орнына сауда орталығы салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Көкбазардың орнына сауда орталығы салынады ©Ярослав Радловский

Алматыдағы Көкбазардың орнына сауда орталығы салынады. Бұл туралы "Алматы" телеарнасындағы "Деловое время" бағдарламасында қаланың сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Жанат Айтілеу хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Көкбазардың орнына сауда орталығы салынады. Бұл туралы "Алматы" телеарнасындағы "Деловое время" бағдарламасында қаланың сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Жанат Айтілеу хабарлады.

Оның айтуынша, бірінші кезекте Мақатаев көшесіндегі аумақ көшіріледі, себебі онда көлік жолы болған. "Орталық колхоз базары (Көкбазар) арнайы жобамен соғылған. Орталық базардың иегерлері базар жағдайында онда павильондар, дүңгіршектер, бастырмалар салды, қазіргі уақытта олардың көзін жою керек. Біз оларға сәулет-жоспар тапсырмасының актісін толтырып бердік, оған сәйкес Көкбазардың алдыңғы бөлігі, яғни Мақатаев көшесі жағында келушілердің автокөліктеріне арналған көпярусты паркинг салынады", - деді Айтілеу. 

Мұнымен қатар, осы жобаға сәйкес, сауда орталығының аумақта орналасқан бір бөлігін модернизациялау керектігін айтты. "Сонымен қатар, олар Мақатаев пен Жібек жолы көшелерінің аралығындағы, базар ортасындағы аумақты босатуы тиіс. Бұл аумақта бұған дейін төтенше жағдайлар кезінде арнайы техника өтетін жол болған", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети