Алматыда көпбалалы аналарға көмек көрсету марафоны басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көпбалалы аналарға көмек көрсету марафоны басталды

Алматыда "Жақсылық жасаудан жарысайық!" атты қайырымдылық шарасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Жақсылық жасаудан жарысайық!" атты қайырымдылық шарасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көпбалалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі ата-аналар мен балаларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған игілікті іске "Бизнес бастау" кәсіпкерлік мектебі ұйытқы болды.

"Бүгінде құны қымбат көлігімен, көздің жауын алатын көйлегімен, той-томалақтағы мол дастарханымен мақтанатын, сол арқылы абырой жинайтын жандардың қарасы көбейді. Өкінішке қарай, қоғамдық құндылықтар өзгеріп, заман алмасты. Менің ойымша, жастар арасында мейірбандық, адамгершілік, жомарттық сынды қасиеттерді көпке үлгі ету үшін іс-шараларды көптеп өткізуіміз қажет. Мемлекет ол билік қана емес, ол әрбір азамат деп ойлаймын. Қоғамның әлжуаз топтарына көмек қолын созу - әрбір отандасымыздың парызы һәм жауапкершілігі. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қолға алынған марафон осы ниетпен ұйымдастырылды, - деді "Бизнес бастау" кәсіпкерлік мектебінің басшысы Ахметбек Нұрсила.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қайырымдылық шарасына әлеуметтік аз қамтамасыз етілген 700-ден аса адам қатысты. Марафон нәтижесінде жас кәсіпкерлер тарапынан жалпы сомасы 2 миллион теңгеден аса аражат жиналды. Соның ішінде 20 көпбалалы отбасына қаржылай және 40 жанұяға материалдық тұрғыдан көмек көрсетілді.

Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі сәбилердің еміне де қаржылай көмек берілді. Сонымен қатар осындай көмекке мұқтаж отбасылардың арнайы тізімі белгіленіп, жас кәсіпкерлер алдағы уақытта оларға да қол ұшын созбақ.

Айта кетейік, қайырымдылық марафонын өткізу алдағы уақытта да дәстүрге айналмақ. Игілікті іске мұрындық болғандар осылай қоғамның санасын өзгертуге мүдделі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети