Алматыда магистратураға тапсырған 200-ден астам талапкер тәртіп бұзған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда магистратураға тапсырған 200-ден астам талапкер тәртіп бұзған

Алматыда магистратураға тапсыру емтиханы кезінде 200-ден аса студент шығарылды, - деп хабарлайды Almaty.tv.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда магистратураға тапсыру емтиханы кезінде 200-ден аса студент шығарылды, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Елімізде сыбайлас жемқорлық деректерін төмендету мақсатында магистратураға түсудің жаңа форматы қабылданды. Арнайы мониторингтеу тобының мүшелері 10 тамыздан бастап Алматыдағы 6 жоғары оқу орны базасында кешенді тестілеу бойынша бақылау жүргізуде. Осы аралықта 200-ден астам талапкер тестілеуден аластатылған.

"Мүмкін кейбір түлектер тестілеудің ережесін дұрыс түсінбегендіктен болар, ұялы телефонды пайдалану жағдайлары болды. 200-ден астам түлек ереже бұзғаны үшін тестіге қатыспай шығып кетті. Жемқорлық деректері бойынша ешқандай жағдай болған жоқ", - деді мониторингтік топ мүшесі Ерқанат Мәдиұлы.

Айта кетейік, биылдан бастап магистратура және PhD докторантураға түсудің тәртіптеріне өзгеріс енгізілген болатын. Егер бұрын ағылшын тілінен тест тапсырмаларын талапкерлер өзге оқу орындарының базасында тапсырып келсе, қазір барлығы бір жерде қабылданады. Яғни кешенді тест форматында жүргізіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети