Алматыда Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовпен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовпен кездесті © Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жазушы әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жазушы әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесу барысында Қазақстанның қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласындағы қызметінің негізгі бағыттары талқыланды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қоюының 25 жылдығы аясында өтетін іс-шараларға дайындық мәселелері қарастырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев геосаяси ахуалдың күрделілігін ескере отырып, бейбітшілік пен қауіпсіздік қағидаттарын халықаралық ауқымда әрі қарай ілгерілетудің маңыздылығын айтты.

Олжас Сүлейменов өз кезегінде жаһандық антиядролық қозғалысқа мемлекеттердің ғана емес, қоғамдық ұйымдардың күш-жігері мен азаматтық бастамаларды жұмылдыру қажеттігіне назар аударды. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.48  course up  592.04  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети