Алматыда менингококк инфекциясынан студент қайтыс болды

© nvdaily.ru

Алматыда?ы менингококк инфекциясынан 1-курс студенті ?айтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л м?ліметті ?алалы? Денсаулы? са?тау департаментіні? ?кілдері растады.

Алматыдағы менингококк инфекциясынан 1-курс студенті қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті қалалық Денсаулық сақтау департаментінің өкілдері растады.

"Кеше таңертең 1-курс студенті келіп түсті. Кешке қарай менингококк инфекциясы салдарынан көз жұмды", - деп хабарлады департамент басшыс Айзат Молдағасымова.

Еске сала кетейік, 21 мамырда бұл дерт 15 адамда анықталған еді. Жалпы үш адам қайтыс болды - екі ересек адам мен бір бала.

Реклама
Реклама

Менингококк инфекциясы - инфекциялық жұқпалы ауру, ол түрлі клиникалық белгілермен бактериялар арқылы пайда болады - таратушыда белгілері білінбейтін болуы да мүмкін немесе назофарингиттен (мұрын-жұтқыншақ қабынуы), менингиттен (ми қабығының қабынуы) болуы мүмкін. Инфекцияның көзі - ауру адамдар және дені сау таратушылар.

Менингокок инфекциясынан екпені қалай алуға болады?

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама