21 мамыр 2018 14:04

Менингокок инфекциясынан екпені қалай алуға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Алматы дәрігерлері менингокок инфекциясынан екпені қайдан алуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, әлеуметтік желілерде Алматыда менингиттің тарағаны жайлы түрлі хабарламалар тарап жатыр.


Алматы дәрігерлері менингокок инфекциясынан екпені қайдан алуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, әлеуметтік желілерде Алматыда менингиттің тарағаны жайлы түрлі хабарламалар тарап жатыр.

Балалар инфекциясы кафедрасының меңгерушісі Адиля Қатарбаеваның айтуынша, вакцинацияны тек ақылы түрде жекеменшік медициналық мекемелерде алуға болады.

"Бүгінде вакцинацияға арналған препараттарды Германияда, Ресейде, Швейцарияда жасап шығарады. Менингокок инфекциясы А, В, С топтарынан құрылады. Қазақстанда әрбір адам ақылы түрле вакцинация алуға құқылы. Бүгінде А және В тобында менингокок расталды", - дейді дәрігер.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымованың айтуынша, былтыр вакцинаның бағасы 22 мың теңге болды. 

"2016 жылы вакцина 22 мың теңге тұрды. Бірақ ол (вакцина) тегін медицина түріне кірмейді", - деп нақтылады Айзат Молдағасымова.

Осыған дейін Алматыда менингокок инфекциясын жұқтырған баланың 4 сағат ішінде қайтыс болғаны жайлы хабарланған еді. Қалалық жұқпалы аурулар емханасының бас дәрігері Ержан Сералиннің айтуынша, әйел мен баласы шұғыл сепсистен қайтыс болған. Әйелдің ауруы асқынған назофарингиттен басталған.

Еске сала кетейік, мұның алдында Алматыда менингиттің тарағаны жөнінде хабарламалар тарап, дәрігерлер оған қатысты пікір білдірген еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети