Алматыда менингиттің тарағаны жөнінде хабарламаға қатысты дәрігерлер пікір айтты

20 Мамыр 2018, 11:46
0
Алматыда менингиттің тарағаны жөнінде хабарламаға қатысты дәрігерлер пікір айтты - Иллюстрация © likar.info
Иллюстрация © likar.info

Алматыда менингиттің тарағаны жөнінде хабарламаға қатысты дәрігерлер пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап.

Кешеден бері Whatsapp арқылы хабарлама тарап жатыр, онда Алматы қаласында менингококтық инфекцияның тарағаны айтылған. "Алматыда менингококтық инфекция тарады, бүгінгі таңда ересектер арасында көз жұмған 3 адам бар. Дененің қызуы болып, мұрын бітеліп, тамақ ауырса - жұқпалы аурулар ауруханасына жүгіріңіз. Адам көп жүретін жерлерге бармаңыз, әсіресе балалармен", - делінген хабарламаның мәтінінде.

Бірнеше хабарламада 4 жасар ұл баланың менингиттен қайтыс болғаны және 40 баланың ауруханаға барғаны айтылады.

Бұл хабарламаларға қатысты Алматы қаласы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары пікір білдірді.

"Қазіргі таңда Алматы қаласының тұрғындары арасында аурулар саны өскен, бірақ олар жұқпалы емес. 2018 жылдың 19 мамырындағы жағдай бойынша, менингококтық инфекциямен ауырған 15 адам тіркелді, олар зертханалық негізде расталған. Біреуінде диагноз клиникалық негізде қойылған. Бұл жайттардың барлығы бірімен-бірі байланысты емес", - деді департаменттегілер.

Дәрігерлердің айтуынша, үш адам көз жұмды. Олардың екеуі ересек және біреуі 14 жасқа толмаған бала. Айта кетейік, екі жағдайда, олардың бірі балада менингококтық инфекция аяқасты анықталып (бірнеше сағатта), стационарда аз уақыт қана болған.

Департаменттің мәліметтері бойынша, менингококтық инфекциямен тіркелетіндердің саны үш жылда бір рет көтеріліп отырады. "Ең көп тіркелген кез 2013 жыл болды - 49 адамда диагноз нақты қойылды және 2015 жылы - 66 жағдай", - деді Алматы қаласы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары.

"Қазіргі таңда бұл жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің бақылауында. Ауруды тұрақтандыруға бағытталған эпидемияға қарсы, профилактикалық шаралар кешенді түрде жүргізіліп жатыр. Менингококтық инфекцияны таратушы тұлғалардың байланысқан орталары міндетті зертханалық тексерулермен анықталып, кейін профилактикалық антибиотикпен емдеу тағайындалады", - деді департаменттегілер.

Профилактикалық мақсатта дәрігерлер мәдени-қоғамдық және спорттық шараларға, жүзу бассейндері мен сауда орындарындағы ойын алаңдарына және спорттық үйірмелерге баруды шектеуге кеңес берді.

Менингококтық инфекция - инфекциялық жұқпалы ауру, ол түрлі клиникалық белгілермен бактериялар арқылы пайда болады - таратушыда белгілері білінбейтін болуы да мүмкін немесе назофарингиттен (мұрын-жұтқыншақ қабынуы), менингиттен (ми қабығының қабынуы) және менингококтық сепсис. Инфекцияның көзі - ауру адамдар және "дені сау таратушылар".

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай