Алматыда наразылық шарасына қатысқандарға айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда наразылық шарасына қатысқандарға айыппұл салынды ©Тengrinews.kz

Алматыда митингтерге қатысқаны үшін 35 адам ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешіметке сілтеме жасап. Баспасөз хатшысының мәліметінше, наразылық шарасының бірінші күні Республика алаңында 30 адам ұсталған. 16 ақпан күні тағы бес адам қолға түсті. Олардың біреуі 10 тәулікке қамалған, қалғандарына түрлі мөлшерде айыппұл салынды. Ең төменгі айыппұл сомасы - 20 АЕК. Санкцияланбаған шеруге қатысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың арасында Жанна Байтелова, Ербол Жұмағұлов, Жанар Секербаева, Қанағат Тәкеева, Евгения Плахина, Валерия Ыбыраева, Георгий Архангельский сияқты белсенділер бар. "Бұлардың бәрі рұқсат етілмеген митинг өткізгені үшін алдымен Бостандық аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Ұсталғандардың бірі - Әділ Ермеков 10 тәулік мерзімге қамалды", - дейді Қуандық Ешімет. Еске сала кетейік, 15 ақпан күні Алматыда наразылық шарасы өткен болатын. Көшеге шыққан адамдар доллар бағамының күрт өсуіне наразылық білдіріп, биліктен әлеуметтік мәселелерді шешуді талап етті. Кейін жиналғандармен кездесуге шыққан прокурор митингке рұқсат етілмегенін ескертіп, адамдардан тарауды сұрады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети