Алматыда Наурыз қалай тойланады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Наурыз қалай тойланады?

Алматыда Наурыз мейрамы 22 наурызда бірінші рет екі алаңда өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Наурыз мейрамы 22 наурызда бірінші рет екі алаңда өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Салтанатты шара Астана алаңында және Алатау ауданындағы Атлеттер ауылында өтеді. Астана алаңында киіз үйлер тігіледі және Наурыз мерекесіне сай инсталляциялар орнатылады.  

"Театрланған қойылымдар қойылады - "Мүшел", "Самалық", "Түлік жыры" әні орындалады", - делінген хабарламада.

Атлеттер ауылында мерекені тойлау қазақ ауылдарының жаңа көрінісін көрсетеді. Алаңға ертедегі қақпа түрінде әзірленген жерден кіруге болады, екі жанында киіз үйлер тігіледі. Астана алаңында"шамдал", "қос", "ертедегі сауда арбасы", "петроглифтер салынған тастар", "Тарих дөңгелегі" сияқты инсталяциялар орнатылады.

Мерекелік концертте Рамазан Стамғазиев, Нұржан Жанпейісов, Тілеулес Құрманғалиев, Еркен Шүкімән, Айгүл Қосанова өнер көрсетеді. "Отырар сазы" фольклорлы-этнографиялық оркестр өз өнерін паш ететін болады. Сонымен қатар "Қоңыр", "МузАРТ", "Алашұлы" топтары және эстрада жұлдыздары - Айқын, Әли Оқапов, Мөлдір Әуелбекова, Маржан Арапбаева және тағы басқалар өнер көрсетеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети