Алматыда "Нұрлы жер" мен "7-20-25" тұрғын үйді іске қосу деңгейін арттырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Нұрлы жер" мен "7-20-25" тұрғын үйді іске қосу деңгейін арттырды Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматыда "Нұрлы жер" мен "7-20-25" тұрғын үйді іске қосу деңгейін арттырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек айтты.

Мегаполис әкімі Елбасының бастамасы аясындағы "7-20-25" бағдарламасы бойынша Алматыда 5,1 миллиард теңгеге тұрғын үй несиесінің 36 пайызы берілгенін атап өтті. Оның үстіне елімізде ұсынылған 1,5 мың пәтердің 40 пайызы да осында.

"Елбасының "Бес әлеуметтік бастамасы" бойынша таяудағы үш жыл ішінде 37 жатақхана салынады. Қазірдің өзінде 4 мың орынды 7 нысанның құрылысы басталды. Олардың төртеуі биылғы жылы пайдалануға беріледі. Өз кезегінде "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы қалада тұрғын үй салу деңгейін 7,5 пайызға дейін көтерді. Бұл осы жылдың 7 айы ішінде 1 миллион шаршы метрден аса үй салынғанын көрсетеді", - деді Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, "Алматы жастары" қалалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша соңғы екі жылда Алматы әкімдігі 3 миллиард теңге бөлді. Егер өткен жылы 100-ден астам жас отбасылар жеңілдетілген жағдайда пәтер алса, биылғы жылы 200 пәтер бөлінетін болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети